Бүгін Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы келіп, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аумақтық органдар ғимаратының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратына барып, нысанның ішкі бөлігін аралады.
Полиция бөлімінде Ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан 200 орындық аурухана, мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттардың салыну қажеттігін жеткізді. Вице-министр аталған нысандардың құжаттары толық рәсімделсе өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Іссапар демекші, шілденің 3 күні Сауран ауданына арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Шорнақ ауылдық округінде болды. Алдымен Шорнақ ауылдық округіне қарасты «Бинэкс» ЖШС кірпіш шығаратын зауытының жұмысымен танысты. Халық қалаулысымен бірге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Баймахан Сүлейменов, Жанар Темірбекова бірге болды.
Бұдан соң Шорнақ ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Қазақстан Республикасы Парламетіндегі заң шығарушы органның бүгінгі таңға атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы реформалары туралы кеңінен баяндап өтті.
ҚР Парламент Мәжілісінде бүгінгі таңға 173 заң келіп түссе, соның 100-ін қабылданғанын, Конституциялық заңға өзгерістер енгізілгенін, білім және денсаулық саласындағы атқарылып жатқан реформалар жөнінде атап өтті. Сонымен бірге, Түркістан облысында 63 «Жайлы мектептің» құрылыстары жүргізіліп жатқанын, облыс көлемінде мектептерге қаржы бөлдіруге ықпал жасаған жеткізді.
Кездесуде тұрғындар тарапынан Шаға ауылдық округіне жастарға арналған спорт кешенін, Әшірбек Сығай атындағы мектепке іс-шара өткізуге акт залын салуға қолдау көрсетуін сұрады. Сонымен бірге, өскелең жастардың құмар ойынына мойын бұруы етек алып жатқанын, аудан орталығындағы ауыз су, Иассы ауылдық округіндегі Шобанақ көшесін күрделі жөндеуді, Еңбекші Дихан елді мекенін Шобанаққа ауыстыру жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қайрат Рахымұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша тиісті құжаттары рәсімделсе қолдау көрсетінін айтты.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталып, осы жұмыстардың іске асуына қолдау көрсеткен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Рахымұлына аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді. Бұдан соң «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев аудан тұрғындарының түрлі жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауын өткізді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.