Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, Әдеп кодексінің жаңа талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті.
Әрбір мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық танытуға, дөрекілік, ар-намысты қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлықтарымен өз тарапынан сын тудырмау керектегін баса жеткізді. Сонымен қатар, іскерлік этикет пен қызметтік мінез-құлық ережелерін сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қызметшілердің мемлекеттік саясатты ұстануына, қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына, жүріс-тұрыс ережелеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ойын бизнесі туралы заңында көзделген талаптар мен міндеттерді қатаң сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу — бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететінін жеткізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің ішіндегі 12-бапта көзделген «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында айтылған анықтамаға тоқталды. Онда мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысу, интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтынын атап өтті. Осы жоғарыда аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің бойларын аулақ салуды кеңінен түсіндіріп өтті.
Бұдан бөлек аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиын болып өтті. Онда Сауран ауданы бойынша жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдады. Атап айтар болсақ, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас мамандары Нұрсұлтан Мақұлбеков, Аңсар Балтабай, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Зухра Тоқташ көпшілік алдында ант қабылдады.
Аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатов жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, олардың жұмысына табыс тіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Нұрбек Әшіров мемлекеттік қызметті атқарудағы талап тілектерін айтып, ең бастысы халықтың қызметшісі екенін жеткізіп, сол бағытта жұмыс жүргізуге шақырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.