Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін қатерлі дертке шалдыққан науқасты аман алып қалды

9 қараша күні Астанада өткен халықаралық нефрологтар конгресінде Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігер-нефрологы Полатбек Төлегенұлы Мырзаханов өз саласында «Ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша ең жоғары марапатқа ие болды. Бұл жетістік аурухананың нефрология бөлімінің меңгерушісі Жанар Мақсұтқызы Русалиева бастаған білікті дәрігерлер тобының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Шымкенттік дәрігерлердің кәсібилігі мен табандылығы сирек кездесетін әрі қауіпті ауру – Гудпасчер синдромына диагноз қоюға мүмкіндік берді. Бұл синдром 23 жастағы науқаста анықталды. Өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 8-10 айды құрайтын бұл дертте өлімнің негізгі себептері – өкпедегі қан кету немесе бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы болып табылады. Күрделі диагнозға қарамастан, дәрігерлер емдеуді сәтті жүзеге асырып, науқасты толық сауығып шығуға жеткізді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

Бұл – өз ісіне адал, жанқияр дәрігерлердің қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігінің айқын дәлелі. Шымкенттік дәрігерлердің осындай маңызды жетістігі медицина саласында шынайы ерлік пен адалдықтың үлгісі ретінде танылып отыр.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin