Шымкент: Емхана қызметінің сапасы жақсарып келеді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емхананың қызмет көрсету сапасын тексеру мақсатында арнайы барды. Ол емхананың галерея бөлігін, күндізгі стационарды, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Емхана екі корпустан тұрады, оларды байланыстыратын арнайы галерея жасақталып, пайдалануға берілген. Бұл шешім медициналық жабдықтарды, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Н.Асылбеков емханадағы 150-ден аса камерадан тұратын бейнебақылау жүйесінің жұмысын көріп шықты. Бұл жүйе шағымдардың алдын алуға, сапалы медициналық көмек көрсетуге және пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

2023-2024 жылдары біріңғай сенім орталықтарына түскен өтініштерді саралау нәтижесінде, емханаға қатысты шағымдар өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға азайғаны анықталды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы емхана жұмысына оң баға беріп, профилактикалық шараларды одан әрі күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin