Түркістан облысы: Созақ ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара аясында Созақ ауданы әкімінің аппаратына қарасты Әкімшілік-шаруашылық, құжаттандырумен қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев, сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Смахова Созақ ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысу,
  • Қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы,
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы,
  • Қызметтер туралы толық әрі нақты ақпараттың қолжетімділігі,
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайлар сынды мәселелер қамтылды.

Қоғамдық бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар беріліп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті деңгейде ұйымдастырылуы бойынша ұсыныстар жасалды.

Мемлекеттік қызмет демекші, 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

  • Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
  • Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
  • Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.
  • Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

 «ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You