Түркістан облысы: Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудандағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс құрылымдарын статистикалық есептілікке алу, ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы санағы бойынша көше шаруашылықтарын ретке келтіру (аншлаг, көше атаулары, үйлерді нөмерлеу) жұмыстарының барысы пысықталды.

Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары аталған жұмыстардың бірқатар кемшін тұстарын атап өтіп, жауапты қызметкерлерге қатаң ескертулер жасап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Орайы келгенде атап өтер тағы бір жйта, бүгін ауданда «Өрт-2025» РКШОЖ бойынша Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесімен шекаралас аумақта дала өртін сөндіру бойынша практикалық түрде пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызмет және ауыл округі әкімдіктерінің ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Жалпы іс-шараға 20 техника 50 адам қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You