2025 жыл: Түркістан – ерекше мәртебе алған шаһар: Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан IT университетінің құрылысымен Ғылым және жоғары білім министрі танысты

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Үкімет мүшесі облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді.

Ал облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласы облыс орталығы атанғаннан бері Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды. Облыс орталығынан «Woosong» университетінің филиалын ашуды биылға жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары қарқынды. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Біз жастарымыздың сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктерді қарастыруға дайынбыз. Оқу орны ақпараттық технологиялар саласының халықаралық деңгейдегі кадрларын даярлауға мүмкіндік беретініне сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда. Жаңа ғимаратты биыл маусым айының соңында пайдалануға тапсыру көзделуде. Қазіргі таңда жұмыстар 85%-ға аяқталған. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын.

Жаңа нысандағы жұмыстармен танысқан Ғылым және жоғары білім министрі оқу орнын білікті кадрлармен қамту мәселесін жіті назарда ұстауды, жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды. Министрлік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

ІТ университеті 4 факультеттен тұрады. Нақтырақ айтқанда, студенттер жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету, төртінші дүниежүзілік IT өнеркәсіптік революция, мультимедиа және веб дизайн бағыттары бойынша білім алады. Жаңа оқу жылында 2 факультетті ашу жоспарланып отыр. Жоғарғы оқу орны 2340 студентке дейін қабылдай алады. Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстандағы Вусонг университеті (Woosong University Kazakhstan – WSUK) 2025 жылғы күзгі семестрге студент қабылдайтынын хабарлады. Университеттің алғашқы халықаралық кампусы Түркістан қаласында ашылып, 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап жұмысын бастайды.

Аталған жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. WSUK Орталық Азиядағы ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университет жасанды интеллект, деректер ғылымы, киберқауіпсіздік сынды заманауи салаларда ағылшын тілінде білім береді.

Университет қандай мүмкіндіктер ұсынады? Екі жылдық оқуын аяқтаған студенттер Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе әлемнің 630-дан астам серіктес оқу орындарында білімін жалғастыра алады. Сонымен қатар, түлектер Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалар арқылы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

Оқыту бағдарламалары:

  • Жасанды интеллект және Data Science
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
  • Киберқауіпсіздік
  • Мультимедиа және веб-дизайн

Қабылдау талаптары:

  • Қазақстандағы Вусонг университеті 2025 жылғы күзгі қабылдауды бастады

ТҮРКІСТАН. Қазақстандағы Вусонг университеті (Woosong University Kazakhstan – WSUK) 2025 жылғы күзгі семестрге студент қабылдайтынын хабарлады. Университеттің алғашқы халықаралық кампусы Түркістан қаласында ашылып, 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап жұмысын бастайды.

Аталған жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. WSUK Орталық Азиядағы ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университет жасанды интеллект, деректер ғылымы, киберқауіпсіздік сынды заманауи салаларда ағылшын тілінде білім береді.

Университет қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Екі жылдық оқуын аяқтаған студенттер Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе әлемнің 630-дан астам серіктес оқу орындарында білімін жалғастыра алады. Сонымен қатар, түлектер Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалар арқылы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

Оқыту бағдарламалары:

Жасанды интеллект және Data Science

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

Киберқауіпсіздік

Мультимедиа және веб-дизайн

Қабылдау талаптары:

IELTS 5.0 немесе оған тең балл (TOEFL, CEFR, Duolingo т.б.)

IELTS 5.0-ден төмен талапкерлер үшін: ҰБТ-да ағылшын тілінен ≥65% болса – баламалы деп есептеледі

ҰБТ-да үздік 15% қатарына кіретін талапкерлер ағылшын тестінен босатылады

Орта мектепті тәмамдаған болуы тиіс

ҰБТ-дан кемінде 50 балл (егер IELTS ≥6.0 болса, ҰБТ қажет емес)

Құжат тапсыру мерзімі: 2025 жылғы шілде айының соңына дейін.
Қосымша ақпарат пен құжаттар тізімін wsuk.wsu.ac.kr сайтынан көруге болады.

Құжат тапсыру мерзімі: 2025 жылғы шілде айының соңына дейін.
Қосымша ақпарат пен құжаттар тізімін wsuk.wsu.ac.kr сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі мен Корей Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістан қаласында «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласында «Вусонг Қазақстан» университетін құру туралы келісім жасалып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жобаны іске асыру бойынша серіктес ретінде «BOLD Construction Group» ЖШС анықталған. «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды.

Естеріңізде болса, былтыр маусым айының соңына таман Түркістан облысының сол тұстағы әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездескен-ді. Қос тарап әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойған.

– Қасиетті Түркістанға қош келдіңіз. Қазақта «Бір көрген – біліс, Екі көрген – таныс» деген сөз бар. Өзіңізбен бірнеше рет жүздесіп, жақын адамға айналдық десек болады. Тарихы мен мәдени мұрасы мол ежелгі қала Түркістан қарқынды дамып, заманауи білім беру және мәдени орталыққа айналуда. Шаһарымызда «Вусонг» университетінің филиалын ашу осы жолдағы маңызды кезең екені даусыз және мұның мультипликативті әсері зор болатыны анық. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз Түркістан облысындағы білім беру жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосарына сенімдіміз. «Вусонг» университеті жаңа білім беру стандарттарын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар аймақ экономикасының дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды құрудың бастамасы болады. Сауапты жобаны бастайын деп отырмыз. Бұл оқу орны Түркістан облысы мен Қазақстанның жастарына мүмкіндіке береді. Жастарымыз оқып, әлемде өздерін танытып жатса, бізге де абырой. Жуырда Корея Президентімен кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы оқу орнын ашу бастамасына арнайы тоқталып, қолдау көрсетті. Бүгінгі осы жобамыздың келісіміне қол қою рәсімі біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді. Келісімнің арқасында бірлесе отырып, көптеген жаңа жобаларды жүзеге асырып, білім беру саласында маңызды жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенемін. Біз осы маңызды жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, жобаның жүзеге асуына ең алдымен өзіміз мүдделіміз, – деп еді Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюн де алғысын жеткізген.

– Тарих пен мәдениеттің орталығы – Түркістанға келгеніме қуаныштымын. Біздің оқу орнын ашу бағытындағы келісіміміз жұмысты жеделдетеді. Сәуір айында Оңтүстік Кореяға арнайы келіп, оқу орнын ашу мәселесі бойынша келіссөз жүргізгеніңізді білеміз. Осы қысқа ғана уақытта көп жұмыс атқарып үлгергеніңізді көріп тұрмын. «Вусонг» университетінің 70 жылдық тарихы бар. 30 жылдан бері шетелдің студенттерін де қабылдап, білім беруде. Біз өз тарапымыздан Түркістандағы университетті Орталық Азиядағы көшбасшы оқу орындарының біріне айналдыруға бар күшімізді саламыз. Студенттеріміздің бәсекеге қабілетті, білімді болуына барлық жағдайды жасаймыз. Жобамыз сәтті жүзеге аса берсін! – деді ол.

Кездесуде екіжақты байланысты нығайту, жұмыс жоспарын реттеу, университетті ашу бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланды. Қос тарап бұл жоба бойынша тұрақты түрде ақылдасып тұруға уағдаласқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You