
2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылым жағдайы және алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ауыл тіршілігін жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында ауылдық округте 22,76 миллион теңге бюджет қаржысы игеріліп, салықтық түсімдер 4,96 миллион теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 1505 гектар жерге егіс егілді. Мал басы 12 мыңнан асып, 59 шаруа қожалығы тіркелді. Өндірілген өнімдерді облыстық, қалалық және шетелдік нарыққа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, округте 5 гектар жерге өндірістік аймақ құру және 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңын ашу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жобалар кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.
Аудан әкімі ауылдың даму әлеуетіне тоқталып, тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтты. Ол Жібек жолы ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, білім, медицина, тазалық пен абаттандыру салаларында жоспарлы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Кездесуде тұрғындар жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарды жөндеу, жұмыспен қамту және санитарлық тазалық мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы барлық көтерілген сұрақтар бойынша жауап беріп, алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен шешу жоспарларын ұсынды.
Еске салайық, Жібек жолы ауылдық округі – Түркістан облысы Сауран ауданы аумағындағы бірлік. Әкімшілік құрамы келсек, құрамына Ескі Сауран, Сауран ауылдары кіреді. Орталығы – Сауран ауылы.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.