
Сауран ауданы мен Кентау қаласының жастары бас қосқан «Ынтымағы Жарасқан Жастар» атты командалық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастардың белсенділігі мен бірлігі айқын көрінді.
Шараның мақсаты жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру, командалық рухты қалыптастыру және оларды қоғамдық өмірге белсенді тарту болды. Жарыс барысында қатысушылар түрлі интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.
Жарыстың ерекшелігі сол — бірлік пен серіктестікке негізделген командалық ойындар арқылы жастардың өзара түсіністігі мен қолдауы арта түсті. Әр кезең жарқын эмоция мен достық қарым-қатынасқа толы болды. Үздік нәтиже көрсеткен командалар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.