Түркістан облысы: Сауран ауданында егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында құдық қазу жұмыстары басталды

Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округінде 3207 гектар егістік алқап бар. Биылғы вегетациялық кезеңде ағын судың тапшылығы сезіліп, Түркістан магистральды каналынан келетін су көлемі азайған. Осыған байланысты, ауыл әкімдігінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында құдық қазу жұмыстары басталды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауылдық округіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жергілікті шаруалармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Құдықтар арқылы судың тұрақты жеткізілуі егіннің шығымдылығына тікелей әсер ететінін айтқан әкім мәселені ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Қазіргі таңда құдық қазу жұмыстарына 1 дана ЛК техникасы мен 1 экскаватор жұмылдырылған. Жоспарға сәйкес, әрбір құдық егістік алқаптың нақты су қажеттілігіне қарай қазылып жатыр. Бұл – судың тоқтап қалған кезеңдерінде шаруалардың өнімін сақтап қалуға бағытталған тиімді шешім.

Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта басқа да ауылдық округтердегі су тапшылығы мәселелерін шешу үшін балама тетіктер қарастырылып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You