Түркістан облысы: Ордабасы ауданында әлеуметтік нысандар күтімі бақылауда тұр

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан аппаратының басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндап өтті. Келесісі — құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өзекті мәселелері туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов баяндады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ сөз алды.

Сонымен қатар, қосымша мәселелер ретінде:

  • Қоғамдық-саяси ахуал;
  • Ұлттық ауылшаруашылық санақ науқанына дайындық;
  • Көктемгі дала жұмыстары;
  • «Таза Қазақстан» акциясының орындалу барысы;
  • Табиғи газ жүйесіне қосылу жұмыстары талқыланды.

Жиын қорытындысында аудан басшысы сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы кезеңде жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Мұнан соң аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан-Түркістан бағытындағы көгалдандырылған жол бойындағы күтіп ұстау жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар, құрылысын бастау жоспарланған рәміздер аллеясы мен балалар алаңының орнын көріп, дайындық жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын пысықтап, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берді. Одан бөлек Шәмші аллеясына бағыт бұрып, ондағы күтіп-баптау жұмыстарын бақылады.

Сонымен қатар аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауыл округі әкімін тағайындаған соң, жаңа әкіммен және жауапты қызметкерлермен бірге аумақтағы бірқатар маңызды нысандарды аралады. Алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлап, нақты міндеттерді белгіледі. Әлеуметтік нысандарды жаңарту, көгалдандыру және тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталып жоспарланған жобалар талқыланды.

Содан кейін, аудан орталығы Темірландағы Депутаттар аллеясы маңындағы моншаға барып, тиісті қызметкерлердің басын қосып, нысанның санитариялық және коммерциялық талаптарға сәйкестігін зерделеді. Сонымен қатар, құрылыс жүріп жатқан өзге де нысандардағы жұмыс барысын қадағалады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You