Түркістан облысы: Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Бүгін аудандық мәслихаттың VIII шақырылымындағы кезекті 33-сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде аудан үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды:

2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысы;

Ауыл округтерінің бюджеттерінің орындалуы;

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі;

Бадам, Бөген, Қажымұқан және Жеңіс ауыл округтері әкімдерінің есептері;

2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту;

Аудандық аумақтық және кейбір учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін босату туралы мәселе.

Сессия барысында мәслихат депутаттары баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, сындарлы пікірлер мен ұсыныстар айтты. Талқылау нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Бұл сессия ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті тиімді жоспарлау және жергілікті басқару ісін жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Бұдан бөлек бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен және сала орынбасары, тиісті бөлім басшысы, аумақ әкімі, ауыл шаруаларының қатысуымен жиын өтті. Жиында суару маусымына орай, Қажымұқан ауыл округіндегі каналдардағы ағынсуды тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Шаруалардың нақты ұсыныстары сараланып, алдағы жұмыстар пысықталды. Мақсат – суару маусымында барлық шаруашылықтардың ағынсумен қамтылуына жағдай жасау.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатқан өнер мектебі мен мәдени-спорттық кешендегі жұмыс барысын бақылады.

Қазіргі уақытта Темірландағы қайтарылған мемлекеттік активтер есебінен салынып жатқан өнер мектебінің екінші қабатының кірпіші қаланып, сейсмикалық темірбетон бағаналары құйылуда. Аудан басшысы мұнда жұмысқа жауапты қызметкерлер және мамандармен құрылыстың белгіленген кестеге сай әрі сапалы жүргізілуі жөнінде пікір алмасты.

Ал балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорттық кешеннің құрылысы аяқталуына санаулы күндер қалды. Аудан әкімі бұл нысандағы аяқталған жұмыстар мен атқарылар шаруалардың жай-күйін саралады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You