Шымкентте онкологтар ашық есік күнін өткізді

Шымкентте сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында онкологтар Ашық есік күнін өткізді,  деп хабарлайды anyq.kz  ақпарат агенттігі Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қалалық онкология орталығының мамандары таңғы сағат 8:00-ден бастап азаматшаларды қабылдады. Маммолог-дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігін анықтау мақсатында медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, 63 әйел маммологтың қабылдауында болып, 17 науқас ультра дыбыстық зерттеуден өткен. Сондай-ақ 3 науқастан цитологиялық тексеру үшін биопсия алынған.
Жалпы іс-шараның қорытындысында 3 науқаста қатерлі ісікке күдік және 11 науқастан қатерсіз ісік анықталды. Медицина мамандарының айтуынша, науқастарда диагностикаланған ісіктер ерте сатысында анықталғандықтан емдеуі оң нәтиже береді.
Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы – ерте диагностикалау. Сондықтан ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді, дейді мамандар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.