Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында танымдық іс-шара өтті

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында «Дәстүр – мәдениет мәйегі» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл әрі дара тұлға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, оның төрағалығымен жазылған тарихи құқықтық құжат – Қарамола ережесінің мазмұны мен мәнін кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер мен құқықтық мәдениетті өзара сабақтастыра отырып, Ата Заңымызда көрініс тапқан адам құқықтары, әділдік пен теңдік қағидаттарының тарихи тамырын көрсету.

Бағдарлама аясында тақырыптық көрмелер, танымдық дәрістер, шығармашылық қойылымдар мен дәстүрлі өнер үлгілері ұсынылып, қатысушыларға тарихи құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Шара ұлттық мәдениеттің заманауи құқықтық жүйемен байланысын тереңнен танытып, қоғамда құқықтық сана мен патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.

Иә, атап өтерлігі, елді ел ететін – бірлік, халықты ұйыстыратын – құндылық. Ұлттық дәстүр мен өнегені, елдік рух пен татулықты насихаттау – бүгінгі буынның да, ақсақалдар алқасының да басты міндеті. Осы тұрғыда бүгін өткен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы елдік мүдде мен ұлттық бірліктің маңызын айқындай түсті. Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиынды ашып, қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.

Басқосуға қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен спорт федерацияларының мүшелері, БАҚ өкілдері және «Қоғамдық келісім» қызметкерлері қатысты. Жиында ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен этносаралық келісімді сақтау сынды өзекті мәселелер сөз болды. Жиынға қатысқан білім саласының ардагері Нышан Байғұтов жас ұрпақты адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеудің жолдарын атап өтіп, мемлекетшіл, жауапкершілігі жоғары буын қалыптастыруда ақсақалдардың рөлін айрықша атады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов те жиыннан табылып, «Адал Азамат» жобасының мәніне тоқталып, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік кемелдікті арттырудың маңызын жеткізді.

Ақсақалдар назарынан ұлттық ойындарды жаңғырту мәселесі де тыс қалған жоқ. Қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті А. Толықбаев бұл ойынның жастардың зияткерлік дамуы мен шыдамдылығын арттырудағы орнын айта отырып, Ақсақалдар кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Отырыста қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұсынысымен Арипджан Халназаров кеңестің жаңа мүшесі ретінде қабылданып, бұл қадам көпэтносты қауымдастықтың бірлігін тағы бір дәлелдеді. Жиын барысында еліміздің басты заңы – Конституцияның 30 жылдығы да кеңінен сөз болды. Ақсақалдар Ата заңымыздың тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет дамуы мен қоғам тұтастығын сақтаудағы рөлін ерекше бағалап, оны құрметтеу әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You