Отырар ауданы: Қызмет алушылар күні аясында халықтың мемлекетке деген сенімі артады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қолдауымен Отырар ауданында ашық есік күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық бақылау өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы Арыс ауылындағы «Мансап орталығында» өткізілді.

Шарада қызмет алушыларға Департаменттің бас маманы Гүлнұр Еділқызы, Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторлары Есбол Қасымбеков, Әмірхан Асхат, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Сәулет Мәуленқұлов, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Таңжар Әділхан, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалы Отырар аудандық бөлімінің жауапты қызметкерлері Гүлнұр Досанова мен Нұрбек Байтасов қызмет көрсетіп, кеңес берді. Қызмет алушылар күнінде сала мамандары жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүліктерге құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспортын беру, кадастр сынды қызметтер бойынша тұрғындарға қызмет көрсетіп, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мемлекеттік қызмет көрсету ең алдымен ел дамуының негізгі көрсеткішімен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органға деген көзқарасы мен сенімін қалыптастыратындығы белгілі. Шара барысында Гүлнұр Еділқызы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланысты болып отыр. Бүгінгі шара арқылы мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсынуды мақсат тұтып отырмыз», — деді.

Мұнан соң Департамент өкілі мемлекеттік мекеме және білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Алдымен, Гүлнұр Еділқызы аудан орталығында және тұрғындар көп шоғырланатын орында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі бойынша сауалнама жүргізіп, брошюра таратты.

Сонымен қатар, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Отырар ауылдық округі әкімінің аппараты және №1 жалпы білім беретін мектепте болып, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы қолжетімділігі және қолайлы жағдайын бақылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You