
Президент тапсырмаларына сәйкес Шымкент қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары» қабылданды. Оның аясында жастар мен жұмыссыздарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңейді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана 160 кәсіпорын 1 800 тұрақты жұмыс орнын, ал 227 мекеме 1 500 уақытша жұмыс орнын ұсынған. Нәтижесінде 223 азамат тұрақты жұмыспен қамтылыпты, оның ішінде әлеуметтік осал топтардың өкілдері де бар. Сонымен қатар «http://xn--90ahbu63c.kz/» порталы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мыңдаған оқушы мен студент жұмыс іздеу дағдыларын меңгеріп, арнайы сертификаттар алды.
«Президент атап өткендей, әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана бағытталуы тиіс. Бұл бағытта Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек жүйесі жетілдіріліп келеді. 2025 жылы осы мақсатқа 7,5 миллиард теңге бөлініп, 4 684 отбасы (24 628 адам) қолдау алды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 242 балаға қосымша төлем жасалды. Қолдау алушылардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайып, халық табысының артуын көрсетті», — дейді Сәрсен Құранбек.
Сонымен бірге, «FSM Social» мобильді қосымшасы енгізіліп, өтініштерді цифрлы форматта қабылдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайғанып атап өтті. Қосымша ретінде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында әлеуметтік жағдайды 23 критерий бойынша бағалайтын баллдық үлгі енгізіліп, көмек шынайы мұқтаж жандарға ғана берілу мүмкіндігі артып отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
