
Шымкент қаласы жастарының құлағына алтын сырға! Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен нашақорлық пен құмар ойындардың алдын алу мақсатында мобилографтар арасында бейнероликтер, ал суретшілер арасында сурет байқауы басталды.
Байқауға 14–35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бұл – шығармашылығыңды танытып, жарқын болашаққа өз үлесіңді қосатын керемет мүмкіндік!
Байқау шарттарына тоқталсақ. Мобилографтар нашақорлық пен құмар ойындарға қарсы күрес, салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі шарт.
Бейнероликті әлеуметтік желілерде #ШымкентЖастарыНашақорлыққаҚарсы және #БайқауМобилографШымкент2025 хэштегтерімен жариялап, sergaliturkestan@gmail.com поштасына сілтемемен қоса жіберу қажет.
Бейнероликтерді 2025 жылдың 15 қазанға дейін жіберу керек.
Жүлде қоры – 1 000 000 теңге!
1-орын – 500 000 теңге.
2-орын – 300 000 теңге.
3-орын – 200 000 теңге.
Ал суретшілер нашақорлық пен құмар ойындардың зияны туралы A3 форматында кез келген техникада (гуашь, акварель, графика, цифрлық сурет және т.б.) сурет салуы шарт.
Байқау шартына сәйкес, суреттер 2025 жылғы 15 қазанға дейін Шымкент қаласы, Ақназар хан көшесі, 37/1 кеңсесі бойынша дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-16:00 аралығында қабылданады.
Жүлде қоры – 900 000 теңге!
1-орын – 300 000 теңге.
2-орын – 200 000 теңге.
3-орын – 100 000 теңге.
3 ынталандыру сыйлығы – 100 000 теңге.
Үздік жұмыстар қаланың саябақтары мен сауда орталықтарындағы арнайы көрмеде ұсынылады.
Бұл мүмкіндікті жіберіп алма – салауатты ұрпақтың үнін бірге жеткізейік! Бұл — өз талантыңды танытып, жарқын болашаққа үлес қосатын керемет мүмкіндік!
Қосымша ақпарат:
Телефон/whatsapp: +7 775 407 10 12.
E-mail: sergaliturkestan@gmail.com.
Мекенжай: Шымкент қаласы, Ақназар хан көшесі, 37/1.
@jastarbolimi2025 @sergaliturkestan.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
