
Созақ ауданы әкімдігі тұрғындар үшін мал азықтық дақылдардың бағалары мен қоры туралы ақпаратты жариялады. Ұққанымыз, Шолаққорған ауылындағы дүкендерде мал азықтық дақылдардың жеткізілуі мен сатылу бағалары тұрақты деңгейде ұсталып отыр.
Атап айтқанда, Ақмола облысының Ерейментау ауданынан ауданға бидай өнімдері әкелінуде. Қазіргі таңда «Қайсар» дүкенінде 1 келісі 115 теңгеден сатылып жатқан бидайдан 10 тоннасы қалып отыр. 20 қазан күні қосымша 40 тонна бидай жеткізіледі. Бағасы – 1 қап (50 келі) үшін 5750 теңге.
Аудан орталығындағы өзге дүкендердегі мал азықтарының бағалары мен қалдық қоры төмендегідей:
«Қалдыбай ата» дүкені:
- Кебек – 25 келі 2800 теңге (3 тонна), 20 келі 2250 теңге (3 тонна);
- Ұн ІІІ сорт – 35 келі 4600 теңге (5 тонна);
- Ұн ІІ сорт – 45 келі 6000 теңге (3 тонна);
- Бидай – 50 келі 5900 теңге (4 тонна, келі 118 теңге);
- Арпа – 50 келі 6000 теңге (3 тонна, келі 120 теңге).
«ARZAN» дүкені:
- Кебек – 20 келі 2400 теңге (10 тонна);
- Ұн ІІІ сорт – 30 келі 3800 теңге (5 тонна);
- Бидай (солтүстік) – 40 келі 5100 теңге (5 тонна, келі 128 теңге);
- Бидай (жергілікті) – 40 келі 5200 теңге (5 тонна);
- «Цесна» гранула – 48 келі 6500 теңге (3,5 тонна);
- Жүгері – 50 келі 7000 теңге (2 тонна, келі 140 теңге).
«Ақниет» дүкені:
- Кебек – 25 келі 2800 теңге (5 тонна), 20 келі 2250 теңге (5 тонна);
- Ұн ІІІ сорт – 35 келі 4600 теңге (6 тонна);
- Ұн ІІ сорт – 45 келі 6000 теңге (3 тонна);
- Бидай – 50 келі 5900 теңге (5 тонна, келі 118 теңге);
- Арпа – 50 келі 6000 теңге (3 тонна, келі 120 теңге);
- «Цесна» гранула – 48 келі 6500 теңге (2,5 тонна).
«Мал азықтық дақылдардың бағасы дүкен иелерінің ұсынған соңғы деректері негізінде жинақталды. Бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар — тұрақты бақылауда», — дейді сала жауаптылары.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
