Сауран ауданындағы әлеуметтік сауда орны халыққа қолжетімді бағада өнім ұсынуда

Аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде тұрғындардың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын әлеуметтік сауда ұйымдастырылып келеді.

М.Темірбаев көшесінде орналасқан «Әлеуметтік сауда орнында» жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағада сатылады. Бұл сауда нүктелерінде бағаның қолжетімділігімен қатар өнімдердің сапасына да ерекше мән берілуде. Әр жұма сайын өтетін бұл саудада аудан және округ тұрғындары күнделікті қажетті, таза, балғын және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өнімдерді делдалсыз, тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігіне ие.

Бүгін әлеуметтік сауда қатарында тұрғындарға қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, қызыл сәбіз — 180 теңге/келі, сары сәбіз — 350 теңге/келі, қызылша (свекло) — 180 теңге/келі, пияз — 90 теңге/келі, картоп — 190 теңге/келі, қырыққабат (капуста) — 180 теңге/келі, асқабақ — 170 теңге/келі, шалғам (редка) 180 теңге/келі бағамен сатылымға шығарылды.

Мұндай әлеуметтік саудалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, бағаның тұрақтылығын сақтауға және жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған. Ауыл әкімдігі округ тұрғындарын әр жұма сайын өтетін әлеуметтік сауда жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырады. Бұл бастама өңірдегі азық-түлік нарығын тұрақтандырып қана қоймай, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің де табысын арттыруға жол ашады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You