Сауран ауданында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілді.

Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан Сауран аудандық «Мансап» орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мерзімін сақтау мәселелері талқыланып, тиісті нұсқамалар берілді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимаратқа еркін кіріп-шығуына жағдай жасалуы тексерілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге қоғамдық бақылау тұрақты түрде жүргізіліп, нәтижелері бойынша мекеме басшыларына тиісті ескертулер берілді.

«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Осы ретте атап өтер жайт, кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС мен «Агротехменеджмент» қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы рұқсат құжаттарын, лицензия алу тәртібін, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған мемлекеттік гранттар мен бағдарламаларды пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, заңнамадағы жаңалықтар мен салықтық режимдер туралы мәлімет беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You