
Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауылдық округ әкімі Берік Қуандықтың тұрғындармен есепті кездесуі өтті. Кездесуге аудандық бөлім басшылары мен құқық қорғау және коммуналдық сала өкілдері, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, 2025 жылдың 9 айындағы Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді. Өз баяндамасында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы айтты.
Мақсат Асылбекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықпен кері байланыс орнату жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, есепті кездесулердің билік пен халық арасындағы сенімді арттырудағы рөліне назар аударды. Ол әрбір тұрғынның пікірін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Кездесудің келесі бөлімінде Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық округтің 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріп, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жағдайы, инфрақұрылымды дамыту, инженерлік жүйелерді жаңарту және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салып, ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Барлық сұрақтар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
Осы атап өтерлігі, Оранғай ауылдық округінде өткен есепті кездесуде тұрғындар көтерген өзекті мәселелер бойынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров оқиға орындарына барып, жағдайды өз көзімен көрді.
Кездесу барысында ауыл халқы ауыз су, жол, жарық мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірген болатын. Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге аталған нысандарды аралап, жағдайымен танысты.
Әрбір мәселе бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, олардың шешілу барысы әкімдік бақылауында болатынын атап өтті.
Иассы ауылында есепті кездесу өтті
Бұдан бөлек бүгін Сауран ауданының Иассы ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметовтің тұрғындармен есепті кездесуі өтті. Жиынға аудандық бөлімдердің басшылары, құқық қорғау және коммуналдық сала өкілдері, білім мен денсаулық сақтау ұйымдарының жетекшілері және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, 2025 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы баяндады. Ол өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Кездесудің келесі бөлімінде Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов округтің 2025 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Ол ауылдағы ауыз су, жол, жарықтандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ауылды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Барлық айтылған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
