Түркістан облысының үздіктері Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жеңіс тұғырынан табылды

Ауыл мектептері оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздіктердің есімі анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша, Түркістан облысынан 38 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орындар иеленіп, 6 оқушы мақтау қағазымен марапатталды.

Олимпиаданың информатика пәнінен 9-10-11-ші сыныптарда ең жоғары нәтиже көрсетіп, Түркістан облысы үш сынып деңгейінде де жүлделі 1-орынды иеленді. І орын – 3, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 6.

Атап айтсақ:  

Информатика пәні:

Түлкібас ауданы — Балауса Амангелді, 1-орын, 9-сынып;

Түлкібас ауданы — Нұрислам Мұқаш, 1-орын, 10-сынып;

Кентау қаласы — Фахриддин Абдулазов, 1-орын, 11-сынып.

Биология пәні:

Кентау қаласы — Бехруз Абдулазов, 2-орын, 9-сынып;

Сайрам ауданы — Саддамбек Ахмадбеков, 2-орын, 10-сынып;

Сайрам ауданы — Муроджан Хайтметов, 2-орын, 11-сынып.

Информатика пәні:

Сауран ауданы — Санжарбек Паччаханов, 2-орын, 9-сынып;

Сайрам ауданы — Иномжан Тохтаров, 2-орын, 11-сынып.

Физика пәні:

Қазығұрт ауданы — Айша Мұхтарқызы, 2-орын, 9-сынып;

Кентау қаласы — Жасур Алимжанов, 2-орын, 11-сынып.

Биология пәні:

Ордабасы ауданы — Арайлым Қалдыбаева, 3-орын, 11-сынып;

Сауран ауданы — Фирдавс Абдуламитов, 3-орын, 10 сынып.

География пәні:

Сауран ауданы — Жасур Исаханов, 3-орын, 9-сынып.

Информатика пәні:

Сайрам ауданы — Иброхим Мухаматалиев, 3-орын, 10-сынып.

Математика пәні:

Отырар ауданы — Елнұр Бердібаев, 3-орын, 10-сынып.

Химия пәні:

Түлкібас ауданы — Әминә Исматулла, 3-орын, 10-сынып.

Мақтау қағазы:

География пәні:

Мақтаарал ауданы – 10-сынып, Нұршайым Бегетай.

Математика пәні:

Түлкібас ауданы — 11-сынып, Ерасыл Ондирбай.

Химия пәні:

Ордабасы ауданы — 11-сынып, Диана Абдрахман.

География пәні:

Отырар ауданы — 11-сынып, Арман Мушанов.

Инфарматика пәні:

Түлкібас ауданы — 11-сынып, Нұрислам Алдибек.

Математика пәні:

Түлкібас ауданы — 11-сынып, Ерасыл Өңдірбай.

Жеңімпаз оқушылар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бес ректордың грантымен марапатталды. Атап айтқанда, Сулеймен Демирел университеті (SDU) – 2 грант, Satbayev University – 1 грант, Қарағанды техникалық университеті 2 грант ұсынды. Сонымен қатар, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом алған 9-10-шы сыныптардың оқушылары Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2026-2027 оқу жылына оқу гранттарына ие болды.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық финалистер алдағы интеллектуалдық жарыстарға жүйелі дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. I дәрежелі диплом иегерлері 2026 жылғы наурызда өтетін жалпы республикалық олимпиаданың шешуші кезеңіне тікелей қатысу құқығына ие болады.

Шардара ауданының оқушылары әлемдік робототехника олимпиадасында жүлдегер атанды

Орайы келгенде, өңірдің білім көрсеткішіне байланысты тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісе кетсек. Италияның Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» әлемдік финалында 28 мемлекеттен 2 мыңнан астам жас талант бақ сынады. Ауқымды халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының Шардара ауданы жас робототехниктерінің ерекше табысы еліміздің абыройын арттырды.

Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Уәлихан Ережеп жетекшісі Раушан Рысбайқызы Исаковамен бірге “Avtonomy Car” категориясында — II орын, ал информатика пәнінің мұғалімі Маржан Аманкелдіқызы Саудабаева дайындаған команда “3 kg Sumo” категориясында III орын иеленді.

Бұл жетістік – үздіксіз дайындықтың, жүйелі еңбектің және оқушы мен ұстаздың үйлесімді ынтымағының нәтижесі. Сонымен бірге, аймақтың білім беру жүйесінде робототехника мен инженерлік бағытты дамыту жұмыстарының тиімді іске асып жатқанын дәлелдейді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You