Түркістан облысындағы барлық жалпы білім беретін мектептерде «Bilimland.kz» экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.

Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:

  1. EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).

Мектепке 1-сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45-тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы «eGov.kz» (электрондық үкімет порталы), «eGov mobile» (мобильді қосымша), «E-license.kz», «E-otinish.kz» сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.

  1. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)

 Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).

  1. «Ұстаз» ұлттық платформасы

Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.

  1. «Bilimland.kz» IT-платформасы

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облыстың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:

Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің «Face ID» электронды табелдеу құрылғылары, «balabaksha.snation.kz» eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде «Bilimland.kz», «Bilimclass.kz», «OnlineMektep», «iTest», «Twig», «mektep.snation.kz», «es.edu.kz» қызметтері пайдаланылып келеді.

Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: «Tolem», «Е-асхана», «Алақан», «Әлеуметтік әмиян», «Бизнес әмиян».

2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян – жеке тұлғаның «eGov Mobile» қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу. 

Колледждерде — «college.snation.kz», «es.edu.kz», кадрлық жүйелерде — «jumys.snation.kz», «Ustaz.orleu-edu.kz», «Enbek.kz», «Hr.nobd.edu.kz», қаржыландыруда – «Favorit.kz», «Онлайн бюджеттік мониторинг» ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.

Осы себепті білім саласындағы цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін IT-платформаларға қойылатын талаптар жүйелі әрі нақты болуы қажет:

  1. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясымен сәйкестік.
  2. ҚР заңнамасына сәйкестік және еліміздегі локализация.
  3. ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкестік және инклюзивті мүмкіндіктері болуы тиіс.
  4. Ұлттық білім платформаларымен интеграциялануы.
  5. Деректерді қорғау және киберқауіпсіздік.
  6. Масштабталу және тұрақтылық.
  7. Қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс.
  8. Мониторинг пен нақты уақыттағы аналитикалық есептер ұсынылуы.
  9. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған құралдар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You