Түркістан өңірінде облыстық бюджеттен 5,4 миллиард теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде (68 миллион текше метр, жоба құны — 15,9 миллиард теңге) және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жауаптыларының есебінше, аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 миллион текше метр ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 миллиард теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіруде кешенді шаралар қабылдануда.

Жалпы, 25 су қоймасы, 1 су реттегіш, 269 каналды (4265,4 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200 миллиард теңгенің өнімі өндіріледі.

Жергілікті отандық өндірісті дамыту бағытында «Тұран су» кәсіпорны жанынан «Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығару өндірісі» іске қосылды (Қуаттылығы — тәулігіне 45 дана). Жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл өз нәтижесінде каналдарды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, су шығынын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін болады. 

Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында келеді. Республикадағы ірі қара малдың 14% (1109,4 мың бас), ұсақ малдың 22% (4825,6 мың бас), жылқының 11% (486,9 мың бас), түйенің 14% (43,4 мың бас) — облыстың үлесінде. Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді.

Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% — облыстың еншісінде. Осы жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20,0 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуды. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады.

Отандық нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. Бұл бағытта облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025–2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол карта аясында жалпы құны 295,5 миллиард теңгеге 78 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған (2 652 жұмыс орны, оның ішінде 833 тұрақты, 1819 уақытша). Биыл құны 116,3 миллиард теңгеге 31 жоба жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге құны 60,8 миллиард теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Тиісті кезеңмен салыстырғанда, 10 айда:

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 155,6 миллиард теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды (112,4%);

Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 миллиард теңге инвестиция тартылып 1,3 есе ұлғайды (130,6%);

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 миллион АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты (110,4%). 

Жалпы өнім көлемі 182,5 миллиард теңгеге ұлғайып 1 триллион 86,9 миллиардты құрады, үлесі — республикада алғашқы орында. Жыл қорытындысына сәйкес жалпы өнім көлемі 1 триллион 207 миллиард теңгеге, нақты көлем индексі 105% жеткізіледі. Ауыл шаруашылығына жауапты мамандар осылай сараптау жасап отырған жайы бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You