
Бүгін Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен, аудандық колледж студенттерінің қатысуымен «Жас шебер-2025» байқауы өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов, Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау және жастардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау 4 бағыт бойынша өтті: «Үздік аспаз», «Үздік тігінші», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік автомеханик». Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби дағдыларын ортаға салды. Қазылар алқасының бағалау нәтижесінде үздік деп танылған жастар дипломдармен, қаржылай сыйақылармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаздардың аттарын атап, түстерін түстей кетейік.
«Үздік аспаз» номинациясы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
I орын – Гүлзия Махмудова, Ордабасы ауданы;
II орын – Бекзат Орынбасар, Бәйдібек ауданы;
III орын – Арайлым Боранбай, Отырар ауданы.
«Үздік тігінші» номинациясы былайша жіктелді:
I орын – Аружан Базарбай, Бәйдібек ауданы;
II орын – Ақмоншақ Омарова,
III орын – Нулифар Нусбатова, Сауран ауданы.
«Үздік дәнекерлеуші» номинациясын мына қатысушылар өзара сарапқа салды:
I орын – Артём Абдикаримов, Сауран ауданы;
II орын – Ерсұлтан Сары, Отырар ауданы;
III орын – Марғұлан Қалдыбек, Ордабасы ауданы.
«Үздік автомеханик» номинациясы бойынша орын алғандар:
I орын – Ердәулет Өміртай, Отырар ауданы;
II орын – Нұрбақыт Қоштай, Бәйдібек ауданы;
III орын – Нұрсұлтан Бақтияров, Сауран ауданы.
Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша да марапатталды. Әрбір жас өз дарынын дәлелдеп, жаңа тәжірибе жинақтады. Байқау жас мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болғаны сөзсіз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
