![]()
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекеттік маңызы зор құжат – ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру және оның негізгі міндеттерін насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты. Жиынды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Жолдауда айқындалған басымдықтардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде алғаш болып аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов сөз алып, Жолдауда белгіленген бағыттарды жүзеге асыру бойынша ауданда қолға алынған іс-шаралар мен жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Өз кезегінде ауданның құрметті азаматы, білім саласының ардагері Мария Белгібаева Жолдаудың әлеуметтік салаға, әсіресе, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған артықшылықтары мен жаңашыл бастамаларын кеңінен түсіндірді.
Жастар атынан мінберге шыққан Әбдікерім Дінмұхаммед Жолдау жүктейтін жауапкершілік пен міндеттерге қатысты өз көзқарасын білдіріп, жастардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар Темір ауылының тұрғыны Бегімше Ибрагимов пен шәуілдірлік жас ақын Дәурен Ақсақалов елдің болашағына қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Жолдауда айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттердің мән-маңызына кеңінен тоқталып, олардың ел дамуына тигізетін ықпалы мен жүзеге асырылуына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген ұсыныстарды назарға алатынын айтты.
Жиын соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Мәлік Нұржанұлына аудан халқымен кездесуге арнайы уақыт бөліп, маңызды ақпараттармен бөліскені үшін тұрғындар атынан алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Жалпы, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатындағы тұрғындармен кездесу жиыны үнемі жалғасын тауып келеді. Бұған дейін Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланған жиын алдымен Қарақоңыр ауылдық мәдениет үйінде, Шілік, Ақтөбе ауыл округтерінде жалғасын тауып, ауыл тұрғындарына басым бағыттар жан-жақты түсіндірілді. Шараға аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері — Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, аудандық мәслихаттың төрағасы, “AMANAT” партиясының Отырар аудандық филиалының төрағасы Уәлихан Жамалханұлы Ұзақов, ауыл окруктерінің әкімдері, бөлім басшылары, түрлі салалық мекемелердің жауапты мамандары және жергілікті тұрғындар қатысты.
Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру жөніндегі міндеттер де талқыланды.
Ауыл тұрғындары Жолдауға белсенді түрде үн қосып, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, елдің цифрлық болашағы, жастардың жаңа білім мен дағдыға ие болуы мәселелері төңірегінде ашық пікір алмасу болды. Қатысушылар цифрлық технологиялардың ауыл өміріне енгізілуі, жастарды IT саласына баулу, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты өзекті тақырыптар бойынша ойларын білдірді.
Мұнан өзге аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы Шәуілдір, Отырар және Талапты ауылдық округтерінде тұрғындармен де арнайы кездесулер өткізді. Жиын барысында Президент Жолдауында ерекше мән берілген экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру жөніндегі міндеттер де атап өтілді.
Кездесу аясында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орынбасары Дәулет Омарбек тұрғындарды аудан көлемінде атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Назгүл Тұрғанбай жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, туризм әлеуетін арттыру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Ауыл тұрғындары Жолдаудан туындайтын міндеттер мен олардың өңірдің дамуына әсері туралы өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарын қойды. Көтерілген мәселелерге қатысты сала мамандары жан-жақты жауап беріп, ашық пікір алмасу өрбіді.
Сондай-ақ Қоғам, Қарғалы және Темір ауылдық округтерінде де Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау бойынша арнайы кездесу өтті. Іс-шараны ауыл әкімшілігі және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
