![]()
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
«Мансап» орталығындағы өткен іс-шарада аудан әкімі аппаратының бас инспекторы М.Кенжебеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Байтеміров, «Мансап» орталығының директоры Е.Әбиев және қызметкерлері жұмыс іздеп жүрген азаматтарға, жұмыссыздарды тіркеу, еңбек имигранттары қызметін алатын кәсіпкерлерге еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік қызметтерін алу бойынша керекті құжаттар тізімін таныстырып және кеңес берілді.
Сонымен қатар, аталған қызметтерді алу үйден шықпай интернет көмегімен, ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» немесе «eGov.kz» және «enbek.kz» порталдары көмегімен алуға болатыны болатыны туралы кеңес берілді.
Осы ретте атап өтерлігі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы арқылы тұрғындардың мемлекеттік органға деген көзқарасы қалыптаcатындығы жасырын емес. Бүгінгі таңда тұрғындарға сапалы, ашық және қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында түрлі форматтағы шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Отырар ауданы әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен ауданындағы «Мансап» орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізіліп тұрады. Мәселен, жуырда азаматтық қоғам институты өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін қызметтердің уақытылы, сапалы және қолжетімді болуы назарға алынып, жауапты қызметкерлермен пікір алмасты.
Ең бірінші кезекте сапалы қызмет көрсетумен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалуын назарға ала отырып, тиісті нұсқамалар мен ұсыныстар беріліп, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар жүктелді. Орталықта тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы болуына әрі белгіленген мерзімінде көрсетілуге тиістілігі жөнінде нұсқамалар берді.
Ал қараша айының басында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы өткен іс-шарада аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары А.Үрістемов пен С.Берістемов кәсіпкерлерге кәсібін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсаттарын алу, қайта қаржыландыру, салық төлемдері және дамытуға бизнес жоспар құру жолдары түсіндірілді. Кәсіпкерлер алатын қызметтері туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Сонымен қатар, қызмет алушыларды қабылдау барысында кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы мемлекеттік қызметтерін алу үйден шықпай интернет байланысы арқылы ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» немесе «eGov.kz» немесе «elicense.kz» порталдары көмегімен қызметтерді алуыға болатыны және «eGov mobile» мобильді қосымшасы көмегімен электронды түрде анықтама алуға болатыны туралы кеңес берілді
Қазан айының ортасында да Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін ресімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға және т.б мемлекеттік қызметтердің құжаттарын рәсімдеу туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қызмет алушыларға түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды. Келген қызмет алушыларға алатын қызметі туралы және қажетті құжаттардың керектігі туралы түсіндірме кеңес берілді.
Қызмет алушыларды қабылдау барысында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін ресімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға және т.б мемлекеттік қызметтердің және т.б. байланысты қызметтер туралы мемлекеттік қызметтерін алу үйден шықпай интернет байланысы арқылы ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» немесе «eGov.kz» немесе «elicense.kz» порталдары көмегімен қызметтерді алуыға болатыны және «eGov mobile» мобильді қосымшасы көмегімен электронды түрде анықтама алуға болатыны туралы кеңес берілді.
Айтпақшы, қараша айының 27-сінде ауданда Түркістан облысы әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Айдана Амирбек пен Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизовтердің қатысуымен «Е-Өтініш» платформасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің аспектілері мен перспективалары туралы оқыту семинары өткенін де атап өткен жөн.
Семинарда Айдана Амирбекқызы Түркістан облысы әкімдігіне қарасты аудан, қала әкімдіктерінде қаралған өтініштер, олардың орындалу барысы мен тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мемлекеттік органнан жолданған жауапқа қанағаттану деңгейі сөз болды. Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің тарапынан 2025 жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің қаралуына талдау жасап, бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады.
Семинарда жеке және заңды тұлғалардың тарапынан түсетін өтініштерді қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта кемшіліктер мен заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тапсырма берілді. Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында сапасы мен кодекс талаптарының сақталуына аса мән беру қажеттілігі атап өтілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
