Шымкентте екі денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Шымкент қаласында қазіргі таңда 2 медициналық нысанда күрделі жөндеу жүруде.

Қалалық диагностикалық орталық ғимаратын кеңейте отырып қайта құру жұмысы ақпан айында басталған. Қазіргі таңда орындалған жұмыс көлемі 25 пайызды құрайды.

Жобаға сәйкес, орталық бір ауысымда 950 адамды қабылдай алады. Жалпы, ғимараттың 4 қабатында түрлі бейінді мамандардың кабинеттері қарастырылған.

Барлық медициналық кабинет заманауи жабдықтармен және отандық өндірістің жиһаздармен қамтамасыз етіледі.

Жөндеу жұмысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар Сайрам тұрғын алабындағы Шымкент қалалық №3 аурухананың бас ғимараты да күрделі жөнделуде. 2025 жылдың желтоқсан айында құрылыс-монтаж жұмысы 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.

Бүгінде көп салалы медициналық көмек көрсететін мекеме 263 төсек-орынмен қамтамасыз етілген. Мұнда инсульт орталығы, перзентхана, балалар бөлімі, хирургия, гинекология, патология, терапия, жүйке аурулары, жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімшелері қызмет көрсетеді.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You