Шымкент қаласының әкімі «Бақытты балалық үшін» ауқымды мерекелік іс-шарасына қатысты

Loading

Шымкент қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мыңдаған жас тұрғын мен қала қонақтарының басын қосқан «Бақытты балалық үшін» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Орталық саябақта ұйымдастырылған мереке шығармашылықты, өнерді және отбасылық демалысты ұштастырған жарқын алаңға айналды.

Іс-шараға шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков пен зиялы қауым өкілдері, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері және қала тұрғындары қатысты. Әкім бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. 1500-ден астам жас өнерпаз өздерінің шығармашылық өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Қонақтарға арнап фотокөрмелер, сурет көрмелері, үрмелі аспаптар оркестрінің салтанатты шеруі мен домбырашылар оркестрінің концерті қамтылған мазмұнды мәдени-ойын-сауық бағдарлама дайындалды. 2000-ға жуық қала тұрғыны мен қонағы ерекше атмосфераға куә болды.

Мерекелік бағдарлама аясында «Бақытты шақ» тақырыбындағы фотокөрме мен мольберттегі сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, үрмелі аспаптар оркестрінің салтанатты шеруі және домбырашылар оркестрінің концерті ұйымдастырылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты тақырыптық алаң аясында қонақтарға қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Қатысушылар ағаш және былғары бұйымдарын жасау, қыш құмыра шеберлігі, қуыршақтар мен көркем қолөнер туындыларын дайындау, сондай-ақ, ұлттық үстел ойындарымен танысты.

Айта кету керек, бұл іс-шара балаларға жарқын эмоция мен шабыт сыйлап, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берген нағыз балалық шақ мерекесіне айналды. Осылайша, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара бүлдіршіндерге шаттық сыйлап, олардың бақытты балалық шағын дәріптеуге арналды.

Іс-шарада өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.

Қала әкімі барша балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, әрбір баланың қамқорлық пен қолдауға бөленіп, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуына ізгі тілегін білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You