Сауран ауданында мемлекеттік қызмет саласының үздіктері марапатталды

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сауран ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаевтың қатысуымен өткен мерекелік іс-шарада мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың өңірдің дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

Жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтудағы рөлі және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары саналатын заңдылық, ашықтық, жауапкершілік және халыққа адал қызмет ету құндылықтарының маңыздылығы тілге тиек етілді.

“Мемлекеттік қызмет – ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап ететін мәртебелі міндет. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, отаншылдық қасиеттеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және ауданымыздың тұрақты дамуына негіз болып келеді.

Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің еңбегі ерекше. Халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілерге шынайы ризашылығымды білдіремін”, — деді Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров.

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызмет саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаттары, Сауран ауданы әкімінің Алғыс хаттары және Сауран аудандық мәслихаты төрағасының Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған қызметкердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзекті мәселелер мен кадр саясатының негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасалды. Жиын соңында марапат иелеріне алдағы қызметтеріне толағай табыс тілініп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You