Шымкент қаласының әкімі шаһардың дамуына үлес қосқан мамандарды марапаттады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қала күні қарсаңында пайдалануға берілген нысандардың құрылысы мен жүзеге асуына елеулі үлес қосқан құрылысшылармен, инженерлермен, энергетиктермен, мердігер ұйымдардың өкілдерімен және өз ісінің білікті мамандарымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі олардың кәсіби шеберлігі, жоғары жауапкершілігі мен адал еңбегінің нәтижесінде Шымкентте жаңа саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және тұрғындардың игілігіне қызмет ететін заманауи нысандар бой көтергенін атап өтті. Бүгінде бұл орындар қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып отыр.

Сондай-ақ әрбір жүзеге асқан жобаның артында мыңдаған сағаттық тынымсыз еңбек, кәсіби тәжірибе, жауапкершілік пен қаланың дамуына деген жанашырлық жатқанын жеткізді.

Қала инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби біліктілігі және адал еңбегі үшін бірқатар маманға Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Кездесу соңында қала әкімі құрылыс және абаттандыру саласында еңбек етіп жүрген барлық маманға ризашылығын білдіріп, олардың еңбегі Шымкенттің заманауи, жайлы әрі көркейген мегаполис ретінде дамуына берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал еңбек – Адал азамат» қағидатын ұлттық дамудың басты ұстанымдарының бірі ретінде айқындап келеді. Құрылысшы, инженер, энергетик секілді мамандардың еңбегін бағалау – осы ұстанымның нақты көрінісі. Биыл елімізде тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғырту қарқыны сақталып, өңірлерде жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Осындай кәсіби мамандардың табанды еңбегі Шымкенттің тұрақты өсіп, тұрғындарға жайлы әрі бәсекеге қабілетті мегаполис ретінде дамуына берік негіз қалайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You