Түркістан қаласындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде балаларға арналған шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды

Loading

Түркістан қаласындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде кішкентай топ тәрбиеленушілеріне арналған «Сурет салу сағаты» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, бүлдіршіндерді ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған мұндай тәрбиелік әрі танымдық іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында балалар өз қиялдарын қағаз бетіне бейнелеп, түрлі-түсті бояулар арқылы шығармашылық жұмыстарын орындады. Бүлдіршіндердің салған суреттері олардың ой-өрісін, шығармашылық әлеуетін және өнерге деген қызығушылығын айқын көрсетті.

Мерекелік шара соңында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында көбік шоуына арналған ойыншықтар табысталып, лагерьдегі жазғы демалыс ерекше әсерлі сәттермен жалғасғанын да атап өткен жөн.

“ANYQ.KZ”-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You