Созақ ауданында тұрғындардың өтініштері назарға алынды

Loading

Созақ ауданында тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, көтерген мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына назар аударды.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары және басқа да өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Әр азамат өзіне қатысты мәселенің мән-жайын айтып, оны шешуге байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Аудан басшысы әрбір өтінішті жеке қарастырып, мәселенің заңнамалық негізін және шешу мүмкіндіктерін талқылады. Құзыретіне жататын бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктеліп, мәселелер бақылауға алынды. Бұл ретте тұрғындарға заң талаптары мен қолданыстағы тәртіпке сәйкес нақты түсіндірмелер берілді.

Қабылдауға аудан әкімінің салалық орынбасары, бөлімдер мен мекеме басшылары, сондай-ақ бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысты. Сала мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын бірге қарастырды.

Тұрғындарды жеке қабылдау – халықпен тікелей байланысты нығайтып, азаматтардың өтініштерін нақты зерделеудің маңызды тетігі. Сондықтан көтерілген мәселелердің тек тыңдалып қана қоймай, тиісті деңгейде қаралып, нәтижесінің бақылауда болуы аудан әкімдігінің басты назарында екені сөзсіз.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You