Отырар ауданында азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Loading

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуде тұрғындар тарапынан еңбекке орналасу, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесі және елді мекендерді дамытуға қатысты сұрақтар қойылды. Қабылдау барысында аудан әкімі азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік механизмдерін, нәтижелі еңбек ету мүмкіндіктерін және қолданыстағы заңнама шеңберіндегі әлеуметтік қолдау шараларын мұқият түсіндіріп берді. Сонымен қатар, халықтың кірісін арттыру мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды.

– Халықтың өтініші мен талап-тілегі – атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағдары. Әсіресе, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі басты назарда. Көтерілген әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді аудан әкімі.

Азаматтардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік өтініштері бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You