![]()
Кентау қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты шаралар өтті. Ә.Молдағұлова атындағы №19 жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған мерекелік жиынға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Салтанатты шара барысында оқушылар білім күніне арналған әндерін орындап, жыр-шумақтарын оқыды. Өнерлі өрендердің шығармашылық қойылымдары мерекелік жиынның мазмұнын арттырып, ұстаздар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараның ерекше сәтінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған егіздер Алпамыс Пернебек пен Ясина Пернебек жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты.
Қала әкімі жас ұрпақтың біліммен қатар өнер мен шығармашылық бағыттарында да қабілетін шыңдап, түрлі деңгейдегі байқауларда Кентаудың абыройын танытып жүргенін атап өтті.
Жаңа оқу жылында Кентау қаласындағы 31 мектепте 21 683 оқушы білім алады. Оның ішінде 2 010 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
