Шымкенттің білім саласы 5 басым бағытта жұмыс істейді

Шымкенттің білім саласы 5 басым бағытта жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкентте білім саласын дамыту мақсатында 5 негізгі басым бағыт қолға алынған. Олар: кадрлық әлеуетті дамыту, мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту, орта білім беру саласын дамыту, техникалық және кәсіби білім саласын дамыту, инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту.

Мақсатты жүзеге асыруда білім саласына 2020 жылы 113,8 млрд теңге қаралған болса, осы жылға қаралған қаржы – 133,3 млрд теңгені құрап отыр. бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5 млн.теңгеге артқан. Бүгінгі таңда игерілгені –30 421,8 млн теңге. Онда 95 химия кабинеті, 82 биология кабинеті, 50 физика кабинеті, 13 STEM кабинеттер, 23 робототехника кабинеті, 7 логопед кабинеті мен интерактивті тақталар алу, бейнекамералар алуға конкурс жарияланған.

Айта өту керек, білім саласындағы 2020 жылға белгіленген индикаторлар мен көрсеткіштер толық орындалған.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.