Шымкент: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады

Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Шымкент қаласында Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жоспарға сәйкес жұмыстар негізгі 2 бағытта (Реконструкциялау бойынша 1 жоба, құрылыс бойынша 12 жоба) барлығы 13 жобаны іске асыруға 15 251,9 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 392 жұмыс орыны құрылады. 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі кезде 11 инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттік сатып алу рәсімделуде.

Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау, қызмет алушы азаматтарды бір жерде шоғырландырмау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлініп, қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсандағы жағдай бойынша 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылды.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.