Шымкент: Биыл 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылады

Шымкентте биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Осының есебінен 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді.

Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алабтарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр.

Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 — 2025 жылдарға арналлған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Yesterday, while I was at work, my cousin stole my iPad
    and tested to see if it can survive a forty foot drop,
    just so she can be a youtube sensation. My iPad is now destroyed and she has 83 views.
    I know this is completely off topic but I had to share it with someone!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.