Шымкентте кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа мамандықтар ашылмақ

Шымкент қаласында еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлау мақсатында биыл «Жас маман» жобасы шеңберінде 5 колледжді (Индустриалды техникалық колледж, Политехникалық колледж, Энергетика және байланыс колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, М.Өтебаев ат. Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі) заманауи матерталдық-техникалық базамен жарақтандыру үшін қаржы қаралды.


Одан өзге, колледждерде өңірге қажетті туризм, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, үй жағдайында бала күтуші, ІТ мамандықтарына лицензиялар алынуда.

Алдағы уақытта білім алушылардың дуальды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелуі үшін әлеуметтік серіктестермен келісімшарттар түзілу үстінде. Колледждерде ақылы негізде қызмет көрсету, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда дайындаған өнімін сату мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар, «Жас маман» бағдарламасы аясында толық жабдықталған №6 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттері арасынан жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және «WorldSkills» жұмысшы мамандықтары чемпионатының» сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Қазақстан құрама командасын дайындау, «Future Skills» мамандығының «цифрлық модельдеу» құзыреттілігін ашып, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу бағыты бойынша жобалар басталады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.