Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов қала аумағындағы санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудан әкімдерінің есебін тыңдады.
Көктем шыға қала үйілген қоқыс пен ойдым жолдың ортасында қалатынын айтқан қала әкімі бүгінде шаһар шаңы бұрқырап тұрғанын айтып, төрт аудан әкіміне сын-ескертпе айтып, қала тазалығын ретке келтірмесе аудан әкімдерінің жауапкершілігі қаралатынын жеткізді.
«Биылғы жылдан бастап қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан төрт аудан әкімдеріне жүктелді. Бұл шешімнің басты мақсаты – жұмысты оңтайландырып, аудан әкімдерінің құзырын күшейтіп, аудан әкімі мен тұрғындар арасындағы кері байланысты нығайту болатын. Бірақ маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, қала тазалығы тиісті дәрежеде деп айтуға қиын»,-деді қала басшысы.
Әкім Абай ауданындағы «Жаңаталап», тұрғын алабындағы Бадам өзенінің бойындағы қоқыстар, «Ақжар», «Қызылжар», «Ақтас», «Қазығұрт» шағын аудандары мен тұрғын алаптарының көрінісі сын көтермейтінін айтып, аудан аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналмайтынын және өзен арналарында пластик заттар мен өлі мал көптеп кездесетінін атап өтті.
Дәл осындай жағдай Әл-Фараби ауданындағы «Сәуле» шағын ауданы мен Терешкова, Хлопзавод көшелерінде, Еңбекші ауданының «Бадам-2», «Тұрдыабад», «Жыланбұзған» тұрғын алаптары және №12, №15 шағын аудандарында, әсіресе Қаратау ауданының «Бозарық», «Тұран», «Қайнар-бұлақ», «Шапырашты», «Асар-2», «Достық» шағын аудандарында және «Әкімшілік-іскерлік орталығында» да орын алған деді.
Әлеуметтік желіде де қаланың санитарлық тазалығы туралы сыни материалдар көптеп кездесетінін айтқан қала әкімі бұл аудан әкімі мен оның санитарлық тазалыққа жауапты орынбасарының тиісті деңгейде жұмыс атқармайтынын аңғартады деді. Мәселен, әлеуметтік желілердегі парақшаларда бір аптада Қаратауға қатысты – 18, Абай мен Еңбекшіге қатысты 11, Әл-Фарабиге қатысты – 6 сыни материал жарық көрген.
Сонымен қатар, М.Әйтенов тазалыққа тікелей әсер ететін ретсіз сауда орындары мәселесіне де тоқталып өтті. Бұл мәселенің жылдар бойы шешілмеуі тек аудан әкімдері ғана емес, Жергілікті Полиция Қызметінің өз міндеттеріне немқұрайлықпен қарау салдарынан деді.
Сөз соңында әкім республикалық қала мәртебесіне лайықты таза қала болуы үшін, тұрғындардың мәдениетін көтеріп, бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді жұмсау қажет екенін және жұмысты бір-бірлеріңізге сілтемей бір ұжым ретінде жұмыс жүргізуге шақырды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re really a good webmaster. The site loading velocity is
amazing. It seems that you’re doing any unique trick. Moreover,
the contents are masterpiece. you have done a great process in this topic!
Similar here: sklep and also
here: Bezpieczne zakupy
Muchas gracias. ?Como puedo iniciar sesion?