Шымкент: Шет тілін ұтымды тәсілмен оқытатын ұстаз

Шымкент қаласындағы № 98 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жорабек Исраилов – өз ісінің білгір маманы.


Шәкірт жанын түсіне білетін шығармашыл ұстаз. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жеткен жетістіктері мол.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осыдан жеті жыл бұрын «Білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» төсбелгісінің иегері мемлекеттік білім беру бағдарламаларының орындалуына, жаңа технологияларды пайдалануға ерекше мән береді.

Шәкірттерінің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер ұйымдастырып келеді. Үздік маман еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен дараланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандардан ешқашан көмегін аяған емес.

Жорабек Сайрамбайұлының ағылшын тілі пәнінен өткізілген республикалық, қалалық олимпиадаларда шәкірттері оза жауып жеңімпаз атанып келеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылық табыстарға жеткен жаңашыл ұстаздың білім саласына қосар үлесі әлі де көп.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.