Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ қаладағы бірқатар жол-құрылыс нысандарының барысын аралады

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ бүгін қаладағы бірқатар жол-құрылыс нысандарының барысын аралады.


Қалалық орта сапасы және бақылау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары алдымен Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңі жұмыстарымен («Ескі қалашық» аумағы) танысты.

Көшенің жалпы ұзындығы- 1,71 шақырым, ені- 42 метр, 6 жолақты.

Қазіргі таңда аталған нысанда мемлекет мұқтаждығына алынған 12 үйді сүру жұмыстары жүргізілді. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.

Бүгінде 28 жер телімі қайтарылған. 31-ін мемлекет мұқтаждығына алу процесі жүргізілуде.

Инженерлік желілердің орнын ауыстыру үшінбірінші кезекте 25 нысанды сүру керек. Жер телімдері уақытылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жол құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. I know this if off topic but I’m looking into starting my own blog and
    was curious what all is required to get setup? I’m assuming having a
    blog like yours would cost a pretty penny? I’m not very web smart so I’m not 100% sure.
    Any recommendations or advice would be greatly appreciated.

    Thank you

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.