Шымкент: Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрметті профессоры» атанды

Шымкент: Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді.

Бас мүфтиге «Құрметті профессор» куәлігін университеттің бірінші проректоры Қайрат Еңбекшіұлы табыстады. Марапаттау рәсіміне университет ұстаздары, имамдар және Діни басқарманың ресми сапармен келген делегациясы қатысты.

ҚМДБ Төрағасы өз кезегінде университет ұжымына ризашылығын білдіріп, күтпеген құрмет көрсеткені үшін оқу ордасының ректоры Дария Пернешқызына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, дәл осы білім ордасында Ихсан іліміне қатысты ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.

Басқосуда университет ұстаздары Қайрат Сапарханұлы, доцент Ақжол Қалшабек, жас ғалым Әзімхан Исабек қатысып, Хәкім Абай мен Ихсан ілімі жайында баяндама ұсынды және оның «Кітаб тасдих» кітабы таныстырылды.

Конференция барысында шараға қатысушылар университет қабырғасындағы «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысып, Абай, Әуезов туралы мағлұматтар алды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.