Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан Елшісін қабылдады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.


Тараптар екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сауда-экономикалық, туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Өмірзақ Шөкеев облыстың аграрлы-индустриялды аймақ екендігін айтып, негізгі бағыттарымен таныстырды. Өңірдегі инвестицияның ахуалын да айтты. Егіншілік және мал шаруашылығы бойынша үлкен әлеуетке ие өңірде бизнестік серіктестікті дамытудың тиімді жолдарын атап өтті.

«Бізде экономиканың түрлі салаларында, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, туризмді дамытып, өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік жеткілікті. Оны тиімді пайдалануға болады. Нақты жобалар мен ұсыныстарға ашықпыз. Өз тарапымыздан тәжікстандық компаниялардың біздің облыста бизнесті дамыту бойынша бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Ө.Шөкеев кездесу барысында.

Өз кезегінде Хайрулло Ибодзода қарқынды дамып келе жатқан Түркістан өңірінде бизнесін өрбітуді көздеген кәсіпкерлердің көп екенін атап өтті. Алдағы уақытта екіжақтық стратегиялық әріптестік тамырының тереңдей түсетініне сенім білдірді. Облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен мүмкіндіктер бар, оларды іске асыру үшін екі ел компаниялары тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, Тәжікстан тарабы Түркістанда ірі сауда орталығын салып, тәжік ұлттық дәмханасын ашу жөнінде ұсынысын білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасында тығыз қарым-қатынас оң жолға қойылған. Серіктес елден көбіне көкөніс пен жеміс-жидек тасымалданады. Пандемияға қарамастан, өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 900 млн. АҚШ долларынан асқан.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.