
Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаты, меценат Әлихан Айдарханұлы Утанов отбасының атынан өздері оқыған «Асықата» жалпы орта мектебіне заманауи спорт алаңшасын салып берді.
Бұған дейін де мектептің түрлі қайырымдылық шараларында қолұшын созып келе жатқан Утановтар әулеті «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында 4 ай бұрын осы нысанның құрылысын бастаған. Шағын футбол, волейбол және баскетбол ойнауға болатын нысанның ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, аудандық мәслихат депутаттары мен спорт ардагерлері қатысты. Құттықтау сөз сөйлеп, нысанның ашылуына атсалысқан азаматтарды аудан әкімі мен «Nur Otan» партиясының алғыс хаттарымен марапаттады.
«Бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің барлығы да мектептен алған біліміміз бен тәрбиенің арқасы. Сол себепті де өзіміз оқыған мектептің оқушыларының спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік жасауды ұйғардық. Біз бұл мектепті бітіріп кеткенімізбен қазір біздің перзенттеріміз, немерелеріміз осында білім алып жатыр. Келешекте түрлі жылдарда мектеп бітірген түлектер жиналып өздері оқыған мектептеріне осындай алаңшалар салып, көмек беріп отырса екен деген ниеттеміз» дейді Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі Мұқтархан Утанов.
«Командалық ойын түрлерін жақсы көретін ауыл жастары, мектеп оқушылары үшін бұл тамаша сыйлық. Енді спортпен шынығамын, шыңдаламын деген жастарға алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ. Біз де өз тарапымыздан мектептерде түрлі спорттық үйірмелердің санын көбейтіп, сапасын арттыратын боламыз. Мектепке осындай сый жасап отырған Утановтар әулетіне үлкен рахметімізді айтамыз» дейді Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті Азаматы», «ҚР Құрметті Спорт Қайраткері» Айдархан Өтенұлын еске алуға арналған футболдан турнир өтті. Ерексектер мен жастар арасында өзара мықтылар анықталатын турнир жеңімпаздары ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, арнайы кубоктарымен марапатталатын болады.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
753528 636925I like the valuable details you supply within your articles. Ill bookmark your weblog and check again here often. Im quite certain Ill learn plenty of new stuff correct here! Best of luck for the next! 150088
228503 205439If you happen to excited about eco items, sometimes be tough shock to anyone them recognise that to help make unique baskets just for this quite liquids carry basic steps liters associated ceiling fan oil producing. dc no cost mommy weblog giveaways family trip home gardening residence power wash baby laundry detergent 808067
945759 765663I enjoyed reading this a lot I really hope to read a lot more of your posts inside the future, so Ive bookmarked your weblog. But I couldnt just bookmark it, oh no.. When I see quality websites like this one, I like to share it with others So Ive designed a backlink to your site (from 191985