Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жастардың өз кәсібін бастауына барынша қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін Ордабасы ауданы әкімі Бағлан Батыршаев белсенді жастармен кездесуде осылай деп мәлімдеді.
Аудандық Жастар сарайында өткен жиында өңір жастары ұсыныс-тілектерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелерге жауап алды.
Кездесу барысында аудан басшысы жас кәсіпкерлердің ашық аспан астындағы көрмесін тамашалады. Жастардың ой-пікірлерін тыңдады.
Айта кету керек, көрмеге ауыл шаруашылық, кондитерлік өнімдері мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды.
Еркін форматта өткен жиында жұмыссыздық мәселесіне баса назар аударған Бағлан Дәнебекұлы екі қолға бір күрек таппай жүрген жастарды аудандағы кәсіпкерлік нысандарда өндірістік тәжірибеден өтуге, «Жастар практикасы» арқылы мемлекеттік қызметке келуге шақырды.
Ауданымыздың ауыл, елді мекенінен келген жастармен ой бөліскен аудан әкімі тоқсан сайын айтары бар жастармен еркін форматта кездесіп тұратындығын жеткізді.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
I every time used to read piece of writing in news papers but now as I am a user of internet therefore
from now I am using net for content, thanks to web.