Сайрам ауданы: Ақбұлақта әйелдер кеңесінің отырысы өтті

«Ауыл-Ел тірегі» онкүндік іс-шарасы аясында Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында елді мекендегі белсенді, кәсіпкер аналардың басын қосқан отырыс өтті.


Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырысқа Сайрам ауданының мәжіліс депутаты Оразбаева Ұлдана, Ақбұлақ а/о ветеринариялық бекет меңгерушісі Бегимкулова Зайда , ару әжелер, әйелдер төрайымы Бекмуратова Алия және жас аналарымыз қатысты. Отырыстың мақсаты болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуші жас аналарға тәлім тәрбие жағын түсіндіру және еңбекке баулу.

Жұмыстың басым бағыттары арасында — Жұмыспен қамту, әйелдерді қоғамдық және кәсіпкерлік қызметке барынша тарту, отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері айтылды

Әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдерді үйдегі зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі мәселелері кеңінен талқыланды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.