Сайрам ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Сайрам ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадіров қатысып, журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қоғам жанашыры, жаңалықтың жаршысы, қоғамда қандай да бір мәселе туындағанда бірінші болып үн қатып, тығырықтан шығар жол іздейтін — журналистер қауымы.

Әлемдік пандемия кезінде, еліміз үшін сындарлы шақта тілшілер қауымына, сала қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелді. Халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырып, короновирус инфекциясымен күресуге аянбай күш салды. Әлі де сол бағыттағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы еңбектің басы-қасында жүрген бүгінгі мереке иелеріне ыстық лебізін білдірген Аңсар Жаңабайұлы кәсіби тұрғыда шебер, шынайы және жедел ақпарат таратып жүрген ақпарат құралдарының қатарында аймақтық «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси», «Айна Оңтүстік» газеттері мен «ELNUR TV»телеарнасының үздіктерін марапаттады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.