Шардара: Аппарат басшысы Жаушықұм ауылында болды

Аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданның Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Амантай Жаушықұм ауылына барып, әкімдік ғимаратының аяқталған құрылысымен танысты.


Тарқатып айтсақ, Шардара ауданының «Жаушықұм ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жүргізілген 315 шаршы метрді және екі қабатты құрайтын ғимарат сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында жасалынған «Open Space » бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында барлық қызметкерлер мен ауыл әкімі бірінші қабатта отыру мүмкіндігі жасалынған. Сонымен қатар ғимаратқа кіреберісі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жасалып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында дабыл жүйесі толық орнатылып, заманауи үлгідегі жағдай жасалған.

Бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшіріліп, бүгінгі күні тұрғындардың кедергісіз қызмет алуына айрықша басымдық беріліп келеді.

Аппарат басшысы әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, оларға: «Құрметті әріптестер сіздерге мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Міне бүгінгі таңда әкімдік ғимараттарыңыз заманауи тұрғыда жаңғырып, жаңа келбетке енді. Сол үшін біздер халыққа сапалы қызмет ете отырып, еліміздің дамуы үшін аянбай жұмыс істеуіміз қажет»- деді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.