Түркістан: Ордабасы ауданында пандемия кезіндегі сақтық шараларын күшейту мақсатында мобильді топ үздіксіз жұмыс атқаруда

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданында пандемия кезіндегі сақтық шараларын күшейту мақсатында мобильді топ құрылған болатын.


Әрі аудан көлемінде рейдтік шаралар ұйымдастырып келеді.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, мобильді топ жетекшісі А.Оралбаевтың қатысуымен аудан әкімінің жанынан құрылған арнайы топтың жиыны өтті.

Жиында аудан аумағына қарасты ауылдарға рейдтік шаралар жүргізу, бетперде режимі, адамдар жиі шоғырланатын орындарда санитарлық талаптарды қатаң сақтау жайы сөз болды.

Ауданның бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев «Індеттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина салдыру» және ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті.

Отырыста мобильді топ жетекшісі карантин талаптарын сақтамаған тойханаларды аралауды ұйымдастырып, жанұялық жиындарды өткізуге тапсырыс алған кәсіпкерлік нысандарын анықтап, топтық іс-шараларды болдырмау қажеттігін қатаң ескертті.

Сонымен қатар, ауданға қарасты ауылдарды тексеру барысында кәсіпкерлік нысандар мен кәсіпкерлерге «Ashyq» қосымшасын орнатып, QR коды арқылы жұмыс істеуге үгіттеді. Қаулыдағы ережеге бағынбаған нысандар мен жекелер анықталып, хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.